Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 08:59

Жастар жолдауды қолдайды

26.09.2023

510

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау жұмыстары аудан жастарымен кездесумен жалғасты. Келелі кездесу барысында Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары Қуат Ахетов Жолдаудағы басты реформаларға тоқталып, қолдауға шақырды.


«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елді алға бастайды, ал болашақтың кілті цифрлық технология мен инновацияда. Сондықтан бірнеше тіл біліп, түрлі кәсіп игеру жастардың қолынан келеді. Президент атап өткендей, еліміз бәсекеге қабілетті болуы қажет. Халқымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында түрлі реформаларды алға мақсат етіп қойды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек. Төмен пайызда несие алып, оны әрі қарай жүзеге асыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы ауданымызда да жұмыс жасап жатыр. Бүгінгі күні аталған жоба аясында 65,5 миллион теңгеге 7 жоба мақұлданды. «Ауыл аманаты» жобасын насихаттау, тұрғындарға түсіндіру, бизнес жоспарларға сүйемелдеу жұмыстары «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы арқылы жүзеге асырылып жатыр – деді Қуат Ахетов.

Өз кезегінде сөз алған «Жастар» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұржан Амандық Мемлекетіміздің дамуы үшін жастардың белсенділігі маңызды екендігін айтты. Жолдау қарапайым халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға арналған. Президент бұл құжатта әдеттегідей түйінді мәселелерді көтеріп, атқарылуға тиіс бірқатар маңызды міндеттерді айқындап берді. Ендігі кезекте, ел үшін әрбір жастың қосар үлесі біршама есе артық болу керек – деді Нұржан Амандық.
Жиынға қатысқан жастар қауымы Президент жолдауына қолдау көрсетіп, алдағы уақытта ел игілігі үшін оң өзгерістер болатынына сенімдерін білдірді.

#AMANAT

#Жолдау

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: