Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

13°C

, Сенбі, 21 қыркүйек, 02:50

Баға бақылауда болады

10.10.2023

207

0

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғаринның төрағалығымен өткен кеңесте биыл 9 айдағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің баға жағдайы мен алдағы маусымаралық кезеңдегі тәуекелдер талқыланды. Кеңесте СИМ Сау­да комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков әлеуметтік азық-түлік тобының бағасы тұрақталғанын, былтырғымен са­лыс­тырғанда елімізде азық-тү­лік инфляциясының өсу қарқыны едәуір төмендегенін жеткізді.

– Ауыл шаруашылық жылында қа­был­данған шаралар оң нәтиже берді. Әлеуметтік азық-түлік тобының бағасы тұрақтандырылып, былтырмен са­лыс­тырғанда Қазақстанда азық-тү­лік инфляциясының өсу қарқыны 3 есе төмендеді. 2023 жылғы 9 айдың қо­ры­тындысы бойынша азық-түлік инфляциясы 6,2 пайызды құрады. Осы уақыт аралығында ӘМАТ баға­сының индексі 3,1 көрсетті, былтырғы жылда 6 есе төмендеді. Қант саласын қолдау, күнбағыс майын өндіру және тұрақтандыру қорларында көкөніс қорларын қалыптастыру бойынша қабылданған жүйелі шаралар да оң нәтиже берді. Десе де қазір ішкі на­рықта ұн өнімдерінің қымбаттау қау­пі бар. Қыркүйек айының ортасын­да астық нарығының конъюктурасының өзгеруіне байланысты жекелеген өңір­лерде бидай бағасының өсуі бай­қалады. Бағаның өсуіне бірнеше фак­торлар себеп болды: күн райының қолайсыздығы, отандық астық өң­деу­­шілерге Ресейден жеткізілетін ас­тықты тасымалдауға вагондардың же­тіс­пеушілігі. Астық бағасының көте­рілуінен 13 өңірде ұн ба­ғасы өсті, – деп мәлімдеді СИМ Сау­да комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков.
27 қыркүйек күні Сауда және ин­теграция министрлігі Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігімен, Азық-түлік корпорациясы, ҚТЖ және әкім­дік­термен бірлесіп, Азық-түлік корпо­ра­циясының арзандатылған асты­ғын өңірлерге жедел жеткізу және оны өңірлердегі ұн өндіруші опера­тор­ларға беру үшін шұғыл шаралар әзір­леген. Бірақ түрлі себептерге бай­ланысты процесс ұзаққа созылып, бүгінгі таңда тек Түркістан облысына арзандатылған астық толық жет­кізілген. Серік Жұманғарин барлық өңірде бұл мәселені жедел пысықтап, шешуді тапсырды.

Қант зауыттарын қаржыландыру шарттарын ұзартуға ерекше назар аударылуда. Бүгінгі таңда тек 2 өңірде, яғни Абай және Ақмола облыстарында жұмыстар жүргізілген. Вице-премьер бұл мәселені жедел пысықтап, жұмыс­тарды қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.
Өңірлердің тұрақтандыру қорла­рындағы көкөніс қоры туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков баяндады. Ол 14 қыркүйекте Жамбыл облысында өт­кен үлкен пияз жәрмеңкесінен кейін барлық өңір өз қорларындағы мау­сымдық қажеттілікті 100 пайызға дейін қамтамасыз еткенін атап өтті.
Қырыққабат бойынша 6 өңірде, картоп бойынша 2 өңірде және сәбіз бойынша 1 өңірде келісім-шарттар кө­лемі ұсынылған көлемнен төмен.
Жаз маусымында Қызылорда об­лысында күріш жәрмеңкесі өт­кі­зілсе де, тек бес облыс қана мау­сымдық сұраныс деңгейінде қорын қалыптастырған. Отандық күріштің қолжетімді бағасын келісіне 400 теңге шегінде және көршілес елдерде бұл өнімге сұраныстың жоғары екенін ескере отырып, Серік Жұманғарин өңірлерге аталған өнім бойынша келі­сім-шарт жасауды қажетті дең­гейге жеткізуді тапсырды.
Кеңес қорытындысы бойынша ҚТЖ-ға Қазақстан ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін көрші елдерден, яғни Өз­бекстан мен Тәжікстаннан мау­сым­­аралық және қыс мезгілінде кө­кө­ністерді жеткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.
Айта кетейік, ұн бағасының өсуі Астана, Алматы, Шымкент қала­ла­рында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қы­зылорда, Қостанай, Қарағанды, Пав­лодар, Түркістан, Жетісу және Ұлы­тау облыстарында тіркелді.

Жандос ЖАЗКЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: