Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Сенбі, 23 қараша, 18:22

Жалағаштықтар Көрісу күнін атап өтті

14.03.2022

491

0

Қазақ халқының ежелден келе жатқан мерекелерінің бірі – амал мерекесі, немесе көрісу күні. Бұл халқымыздың ұлттық болмысын көрсететін, жастарға ұлағатты тәрбие беретін мереке.

Көрісу, қауышу деген қай заманда да, қай қоғамда да қасиетті ұғым, жақсылықтың, ізгіліктің нышаны.

Бірі-бірін сыйлайтын, құрметтейтін, бірін-бірі сағынған адамдар ғана көріседі. Күнделікті өмірдегі бірі-бірінің ренішін кешіреді, өкпе-назын көтереді, ұмытады.

Бұл қазақ халқының ежелден үлкенді сыйлап, кшіге ізет білдіріп, ананы құрметтеп, қызды аялап өткен ғажап болмысын паш етеді.
Амал күні жалағаштықтар үшін де тамаша мереке болды. Наурыз нақыштарымен безендірілген орталық алаңдағы сахна көңілге қуаныш ұялатады. Аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының театрландырылған қойылымы да халықтың көңілінен шықты.

Амал күні жастар ақсақалды қариялардан бата алып, еліміз көгеріп, көктесін деген ниетпен жас шыбық отырғызды. Сол жас шыбық ертең саялы бәйтерекке айналып, оның көлеңкесінде бүлдіршіндеріміз ойнайтын болады.

Мереке өнерпаздардың ән мен жырына ұласты. Мерекеге аудан әкімі Асылбек Шаменов, аудан ардагерлері, тұрғындары қатысты.

Амал күні – ұлық мерекенің бастауы болды. Мереке әрі қарай жалғасын тауып, 15-19 наурыз күндері Ақсу,Таң, М.Шәменов Еңбек, Аққұм, Бұқарбай батыр, Мәдениет, Жаңадария, Қаракеткен, Далдабай, Аққыр, Жаңаталап ауылдарының өнерпаздары қыз айттырып, ұлдарын ашамайға мінгізіп, құлақ тесу салтын жасап, жыл санау, төркіндеу, саумалдық, көрісу мен сыралғы, тобық тығу мен ерулік дәстүрлерін қайта жаңғыртып, той көркін қыздыратын болады

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: