Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстанның ұлттық валютасының 30 жылдығына орай 2023 жылғы 15 қарашадан бастап номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Банкнотада 19 қорғаныш элементі бар. Монета бейнеленген дизайнда негізгі голографиялық элемент – теңгенің «₸» белгісі қолданылған. Банкнотаның екі жағында да шексіз қозғалыстың символы – «Мёбиус лентасы» бар.
Банкнотаның алдыңғы бетінде қазақы ою-өрнекпен дәстүрлі стильде безендірілген Қазақстан картасы аймақтарымен бейнеленген.
Банкнотаның екінші бетінде картадағы Еуразия құрлығының жалпы контуры сызылған. Онда 5 мм магнитті қорғаныш жіп пен «₸» белгісі түріндегі Спарк элементі бар.
Номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстанның бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады. Сонымен қатар банктік шотқа салуға, Қазақстанның барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!