Қызылордада кәріз құдығына түсіп кеткен бала қайтыс болды, деп хабарлайды Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 25 қарашада сағат 13:14-те болған. Сегіз жастағы бала абайсызда қаланың емханаларының бірінің жанындағы кәріз құдығына құлап кеткен.
«Бұл фактіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 279-бабы «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Тергеу басталды», – деп хабарлады полиция.
Құтқарушылар баланың денесін кешке дейін іздеп, әрең тапқан.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!