Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Сенбі, 30 қараша, 07:33

«Қазақстан Халқына» қоры Сыр өңіріне  3,9 млрд теңге қаржы бөлді

23.12.2023

415

0

 Мемлекет басшысының қолдауымен 2022 жылы «Қазақстан Халқына» қоғамдық қоры құрылған болатын. Қор құрылған сәттен бастап, Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесіп денсаулық сақтау, білім беру салаларындағы күрмеулі мәселелерге қаржылай қолдау көрсетілді. 

Аталған бағытта соңғы 2 жылда аймаққа 3,9 млрд теңге қаржы бөлінген.
Бағытталған қаржы аясында онкологиялық скрининг жүргізуге арналған құны 1,1 млрд теңгені құрайтын 2 жылжымалы медициналық кешен өз жұмысына кірісті. Жылжымалы кешен алғаш рет табысталған республиканың 3 өңірінің бірі ретінде Қызылорда облысы таңдалды. 

Қордың қолдауымен көпбейінді облыстық балалар ауруханасы базасында «Қамқорлық» реабилитациялық орталығы ашылып, 188 млн теңгеге арнайы құрал-жабдықтар алынды. Бүгінгі күні 2800-ге жуық бала оңалту емімен қамтылды.
Аталмыш қор арқылы 11,2 млн теңгеге жаңа диагностикалық офтальмоскоптар аппараты алынды. Бұл құрылғы облыстық перинаталдық орталығы, Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы көпбейінді аудандық орталық ауруханаларда орналастырылды. Осы құрылғы арқылы шала туылған нәрестелер үшін офтальмологиялық скрининг жүргізуге арналған 5 дана диагностикалық офтальмоскоптармен қамтамасыз етілді. 
Бұл аппарат негізінен «Офтальмологиялық скрининг және шала туылған нәрестені емдеу үшін медициналық ұйымдарды жабдықтармен қамтамасыз ету» қайырымдылық бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, білім саласы бойынша – Арал, Қармақшы, Жаңақорған аудандарындағы 3 мектептің материалдық-техникалық базасы толығымен қайта жаңартылды. 

«Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы аясында  аймақтағы бірқатар білім ордаларында оқу кабинеттері мен қосымша білім беру шеберлік сыныптары, STEM-лабораториялар, арт-студия мен интеллектум-кабинеттері ашылып, акт залы мен кітапхана заманауи техникамен жабдықталды. Сондай-ақ, білім ұйымдарында жаңа телестудиясы да жасақталады.

Алдағы уақытта «Қазақстан Халқына» қоры басқа да әлеуметтік салалар бойынша қолдау көрсету жалғаспақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: