Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында неліктен өзін өңірлерде сән-салтанатпен қарсы алуға тыйым салғанын айтып берді, деп жазады Zhalagash-zharshysy.kz.
Мемлекет басшысы мұндай әрекеттерді қыруар қаржы шығындау деп бағалап, өңір басшыларына өзін сән-салтанат, шоумен қарсы алуды тоқтатуды сұраған.
«Президент ретінде алғаш рет ел аралауға шыққанымда, әкімдер салтанатты шаралар ұйымдастыруға, көл-көсір дастарқан жаюға, билбордтар орнатуға тырысты. Қазір мұның бәрі тыйылды. Мен облыстарға жұмыс бабымен ғана барамын. Уақыт өте келе жергілікті жерлерде де осындай жұмыс дағдысы қалыптасатынына сенімдімін. Халықты жинап, қыруар қаржы шығындап, салтанатты шаралар ұйымдастыру біржола тоқтатылады», деді Қ.Тоқаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!