Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Жұма, 22 қараша, 12:17

Облыс әкімі теміржол вокзалының жөндеу жұмыстарымен танысты

04.01.2024

404

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаевпен бірге қайта жаңғыртудан өткен теміржол вокзалына барды.

Тарихи ғимаратты қайта жаңғыртуға «Қазақстан Темір Жолы» компаниясынан 322 млн. теңге және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігі есебінен 255 млн. теңге қаржы бөлінді.

Эскиздік жобаға сәйкес ғимараттың сыртқы бетіне травертин плиталарын монтаждау, шатырын, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустарды, суағарды, су, кәріз және жылу жүйелерін жөндеу, қала жақ бетін көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Ішкі бөлмелеріне жөндеу жасалды. Мұнан бөлек, 2 жолаушылар платформасына жаңадан асфальт төселіп, төрт көзді 10 жарық шам орнатылды.

Екінші ғимарат та әдемі кейіпке еніп, әкімшілік ғимаратының сырты әрленді, есіктері ауыстырылды, 200 шаршы метр шатыры жөнделді. Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен перрон және автотұрақ асфальтталып, жарық шамдар қойылды. Оған қоса вокзал маңындағы нысанның сыртқы қасбеті қапталды.

415199175_669934435327804_2678412049243550812_n.jpg
414547874_669934348661146_2102197547376861529_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: