Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жұма, 22 қараша, 01:28

Мектеп директоры штатты өз еркімен өзгерте алады – заң

06.01.2024

895

0

Білім бері ұйымдарының еркіндігі кеңейтіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде депутат Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

«КЕЛЕСІ БАҒЫТ – БІЛІМ БЕРІ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕРКІНДІГІН КЕҢЕЙТУ. ҚАЗІР БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ҮШІН ТИПТІК ШТАТТАР БЕКІТІЛГЕН, ЯҒНИ СЫНЫПТАРДЫҢ САНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МЕКЕМЕДЕ ОСЫНШАМА ОРЫНБАСАР, ЕСЕПШІ БОЛУЫ КЕРЕК ДЕП БЕКІТІЛЕДІ. БІРАҚ МЕКЕМЕ БАСШЫСЫНДА ОСЫ ШТАТТАРДЫ ТИІМДІ ПАЙЛАЛАНУ ҮШІН ҚАЖЕТІ ЖОҚ ЛАУАЗЫМДЫ БАСҚАСЫНА АЛМАСТЫРУҒА ЕШҚАНДАЙ ДЕРБЕСТІГІ ЖОҚ. СОНДЫҚТАН ЗАҢ ЖОБАСЫНДА БЕКІТІЛГЕН ШТАТ САНЫНЫҢ АЯСЫНДА ШТАТ КЕСТЕСІНІҢ ЛАУАЗЫМДАРЫН АУЫСТЫРУ ҚҰҚЫҒЫ БЕРІЛЕДІ», – ДЕДІ А. АЙМАҒАМБЕТОВ.

Депутаттың айтуынша, типтік штатқа байланысты мектеп директорында 7 орынбасар болуы керек болса, диектор олардың санын өз еркімен азайтуға мүмкіндік алады.

«МӘСЕЛЕН, 4 ОРЫНБАСАРЫН ҚАЛДЫРЫП, ҮШЕУІНІҢ ОРНЫНА ПСИХОЛОГ, ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ НЕМЕСЕ БАСҚА ДА ҚАЖЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЛАУАЗЫМДАРЫН ЕНГІЗЕ АЛАДЫ. БІЛІМ БӨЛІМІМЕН ШТАТ КЕСТЕСІН КЕЛІСКЕНДЕ, БҰНЫ ЖЫЛЫНА БІР РЕТ ЖҮЗЕГЕ АСЫРА АЛАТЫН БОЛАДЫ», – ДЕДІ ДЕПУТАТ.

Бұл тұрғыда А. Аймағамбетов директорларға берілетін бұл дербестік мектептегі әкімшілік қызметтерге ғана қатысты болатынын нақтылады.

«БҰЛ ӨЗГЕРІСТІҢ МҰҒАЛІМДЕРГЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ. ЯҒНИ МҰҒАЛІМДЕР НЕГІЗГІ ПЕРСОНАЛ БОЛҒАННАН КЕЙІН, ДИРЕКТОРЛАР МҰҒАЛІМДЕР САНЫН АЗАЙТА АЛМАЙДЫ. ТЕК ОРЫНБАСАРЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРДЫ БАСҚА ҚЫЗМЕТКЕ АУЫСТЫРА АЛАДЫ. АТАП АЙТҚАНДА, ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ОРЫНБАСАРЛАРЫНЫҢ САНЫН АЗАЙТЫП, ОНЫҢ ОРНЫНА МЕКТЕПКЕ КЕРЕК МҰҒАЛІМДІК ҚЫЗМЕТТІ ҚОСА АЛАДЫ. ӨЙТКЕНІ БІРАЗ МЕКТЕПКЕ ПСИХОЛОГТАР МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАР ЖЕТІСПЕЙДІ. СОНДЫҚТАН ҮЛКЕН МЕКТЕПТЕРДЕ 7 ОРЫНБАСАР ҚАРАСТЫРЫЛСА, ОНЫҢ ТӨРТЕУІН ҚАЛДЫРЫП, ҚАЛҒАНЫНЫҢ ОРНЫНА МҰҒАЛІМДЕРДІ ТАРТА АЛАДЫ. ДИРЕКТОРЛАРҒА ОСЫНДАЙ МҮМКІНДІК БЕРІЛІП ОТЫР, БІРАҚ ОЛ – МІНДЕТ ЕМЕС», – ДЕДІ АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. 

Құжат аясында сабақ үстінде телефон қарауға шектеу енгізілді.

Сондай-ақ аталған заң бойынша мектеп пен аурухана салынбаған аудандарда көпқабатты тұрғын үйлерді тұрғызуға тыйым салынады. 

Дереккөз: kazbilim.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: