Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Жұма, 22 қараша, 13:45

Қазақстанның Ішкі істер министрі тағайындалды

06.02.2024

404

0

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды, деп жазады Zhalagash-zharshysy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ержан Сапарбекұлы 1968 жылы туған. 1993 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін, 1998 жылы ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Шығыс Қазақстан облысы ІІБ ауданаралық жедел-іздестіру бөлімінің жедел уәкілі болып бастаған. Аға жедел уәкіл, бөлімше, бөлім, басқарма бастығы сынды лауазымдарды атқарды. Өскемен қаласы полиция басқармасының бастығы, Маңғыстау облысы полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары болды. Ақмола облысының және Астана қаласының полиция Департаментін басқарды. 2022 жылдың  қаңтар айынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Ішкі істер министрінің орынбасары болды. 2023 жылдың 2 қыркүйегінде Президент Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалған еді.   

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: