Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Бейсенбі, 28 қараша, 20:32

Мобильді аударым мәселесі қайта қаралады

13.02.2024

2656

0

Мобильді аударым сол күйі қалады, бірақ оның өлшемшарттары мен тетіктері қайта қаралады. Бұл туралы үкімет мүшелері мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, мобильді аударымдарды тексеру мәселесі қайта қаралады.

«Бұл – өте сезімтал мәселе. Сондықтан маған оны тағы бір рет қарау туралы тапсырма берілген. Біз қаржылық-экономикалық блоктың ішінде бұл мәселені қарастырамыз. Өлшемшарттарын, тетіктерін әлі де егжей-тегжейлі қараймыз. Бұл сұраққа қайта ораламыз», – деді ол үкіметте өткен брифингте.

Қаржы министрі Мәди Тәкиев мобильді аударымдарды тексеру қалатынын атап өтті.

«Мобильді аударымдар қалады, бірақ әлі қараймыз. Жеке кәсіпкерді қалай анықтайсыз? Тағы да айтайын, біз – құқықтық мемлекетпіз. Әділетті мемлекетпіз, дұрыс па? Сіз бен біз осы заңның сақталуын қарауымыз керек. Біреулер төлейді, біреулер төлемейді. Әділдік болу керек. Яғни, бәрі салық төлеу керек. Бірақ әркімнің өз мөлшері болатыны түсінікті», – дейді ол.

Айтуынша, қазір үкімет түрлі режимдерді қарастырып жатыр.

Бұған дейін жеке шоттарына ай сайын қатарынан үш ай бойы 100 және одан да көп адамнан мобильді аударым түскен тұлғалар бақылауға алынатыны хабарланған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: