Құрылтай

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

37°C

, Бейсенбі, 09 шiлде, 16:33

«Заң мен тәртіп – заман талабы» интеллектуалды сайысы өтті

09.07.2026

7

0

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Жалағаш ауданының жастары арасында «Заң мен тәртіп – заман талабы» тақырыбында интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.


Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті нығайту және құқықтық мәдениетті дамыту.
Сайыс барысында қатысушылар заңнама, Конституция, құқықтық нормалар мен қоғамдық тәртіпке қатысты түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынға салды. Жастар белсенділік танытып, білім деңгейлерін көрсете білді.
Осындай тағылымды шаралар жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға, заң үстемдігін дәріптеуге және қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін нығайтуға өз үлесін қосады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: