Сыбайлас жемқорлық жайлаған елдің болашағы бұлыңғыр. Кез келген мемлекеттің оған қарсы күреске ерекше мән беретіні сондықтан. Дамыған елдердің кез келген салада оң динамикаға қалай қол жеткізгенін білгіңіз келсе, олар негізінен қоғам дертіне қарсы күресті бірінші кезекке қойды. Қазақстан да дамушы елдер қатарында. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері оған қарсы күресті тоқтатқан емес.
Бұл елімізде жемқорлық жоқ дегенді білдірмейді. Сондықтан оған қарсы шаралар әлі де ұдайы, тоқтаусыз жүруі тиіс. Сонда ғана біз жарқын болашаққа нық қадам жасаймыз.
Иә, жемқорлық жайлаған кез келген сала құлдырауға ұшырайды. Сондықтан оның орын алуына әсте жол бермеген абзал. Біз жемқорлыққа қарсы күресте жұдырықтай жұмылып іс қылуымыз керек. Сонда ғана мақсатты еңбегіміз нәтижелі болмақ. Ол үшін бірінші кезекте жемқорлыққа қарсы күресті өзімізден бастауымыз керек. Барлығымыздың бойымызда оған қарсы иммунитет болса, жемқорлық біздің қоғамнан өздігінен жойылады.
Мадина ТҰРСЫНБАЕВА,
Жалағаш аудандық қазынашылық
басқармасының бас маман-бас қазынашысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!