Осы жылдың 23 қаңтарынан бері 8 мың жер сілкінісі тіркелді, деп жазады Zhalagash-zharshysy.kz Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығына сілтеме жасап.
«Бүгін Алматыда сағат 10:14-те жер сілкінісі тіркелді. Айта кету керек, бұл 23 қаңтарда болған қатты жер сілкінісінің афтершогы. 23 қаңтардан бері біз 8 мыңнан астам жер сілкінісін тіркедік. Соның ішінде 100-ден астамының магнитудасы 5-тен жоғары болды. Тек 20 жер сілкінісі ғана тұрғындарға сезілді», деді Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!