Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Сәрсенбі, 27 қараша, 22:52

Шеңгелдіде тонналаған пияз өтпей, шіріп кеткелі тұр! Министрлік түсініктеме берді

17.03.2024

241

0

 Бірер күн бұрын желіде пияздың отаны – Шеңгелдіде осы өнімнің бір келісі 20 теңгеден сатылып жатқаны, ал өтпесе бір қойма пияз өздігінен шіріп кеткелі тұрғаны туралы ақпарат пайда болды. Ауылшаруашылығы министрлігі аталған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлерді қолдау және елді осы өніммен қамтамасыз ету бойынша барлық міндеттерін орындауда. Шын мәнінде, өндірілген пияздың көлемі оған қазіргі сұраныстан үш есе көп. Жылдық өнім – 1,1 млн тонна деңгейінде, ал тұтыныс орташа есеппен 315 мың тоннаны құрайды. Пияз жинау бойынша негізгі өңірлер Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстары болып табылады».

Сонымен қатар құзырлы ведомство, алдыңғы жылдары пияздың жеткілікті өндірілуіне қарамастан, бағалар үнемі көтеріліп отырғанын, әсіресе маусымаралық кезеңде екенін баса атап өтеді.

«Фермерлердің ірі көтерме сауда орындары мен базарлардағы делдалдарға пияз сатқаннан кейінгі кезеңде бағаның айтарлықтай өсуі байқалуда. 2023 жылғы егін жинау жұмыстарының басында көтерме бағалар, Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша бұрынғы деңгейге оралды – килограмына 132-134 теңге болса, 2024 жылдың басында бағалар килограмына 107-114 теңгеге дейін төмендеді», делінген ресми ақпаратта.

Сондай-ақ, нарық қатысушыларының ақпараты бойынша, өткен маусымнан айырмашылығы, 2023 жылдың күзінің басынан бастап пиязға сұраныс айтарлықтай төмендеп, шаруалар пияздың бір келісін 40 теңге көлеміндегі нарықтық бағасымен сата алмағаны да көрсетілген.

«Осы уақытқа дейін көптеген шаруа пиязды сатуға шешім қабылдап, ұсыныстарын арттырған кезде, бір келі өнімнің бағасы 15-20 теңгеге дейін төмендеді. 2024 жылдың 16 наурызындағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде 160 мың тоннаға жуық сатылмаған өнім бар. Оның 138 мың тоннасы – Жамбыл облысында, 22 мың тоннасы – Алматы облысында».

Сондай-ақ құзырлы министрлік пияз бағасының мұнша неге арзандағанын түсіндірді:

«Импорттаушылар тарапынан 2023/2024 маусымында сұраныстың төмендеуі аясында артық өндіріс болған. Ресей аумағы арқылы Балтық жағалауы мен Грузияға жөнелтуді жоспарлау кезінде көлік логистикасы мәселесі пияз қорларының жиналуына және бағаның төмендеуіне әкелді. Сонымен қатар, жылы ауа райына бейімделген қоймаларда пиязды сақтау мәселесі де туындады. Бұл ретте тоңазытқыш жабдығы бар мамандандырылған қоймалар жоқ».

Қалыптасқан жағдайды шешу үшін және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі мынадай жұмыстар жүргізуде:

ЖАО-ға ӘКК-де сатып алуды ұйымдастыру үшін көлемдер мен бағалар ұсынылатын АШТӨ тізімдері, сауда объектілері және т. б. жіберілді;
СИМ, Қазтрейд ішкі және сыртқы нарықтарда пиязды өткізуді ұйымдастыру туралы хаттар жолданды;
СІМ-мен пиязды Пәкістанға өткізу мәселесі пысықталуда, сондай-ақ Қазақстанның елшіліктері жаңа өткізу нарықтарын іздестіруде;
«ҚазАгроЖамбыл» Бірінші халықаралық көрме-форумы шеңберінде өңірлердің ӘКК-мен Жамбыл облысының пияз өндірушілерінің кездесулерін өткізу жоспарлануда.

Осылайша, ведомство ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жәрдемдесу және елдегі фермерлерді қолдау бойынша жұмысты жалғастырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: