Бүгінгі күн – еліміздің болашағын айқындайтын аса маңызды тарихи сәт. Осындай тарихи сәттің куәсі болып, дауыс берушілер таң сәріден дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасауда. Бүгін 5 маусым жалпыхалықтық референдум Жалағаш ауданында жоғары деңгейде өтуде. Қазіргі таңда аудан бойынша 23 дауыс беру учаскесі жұмыс жасап жатыр. Жалағаш ауданы бойынша «AMANAT» партиясы атынан құрылған 63 өкіл референдумның ашық және әділ өтуіне атсалысуда. Жалағаш аудандық референдум комиссиясының мәліметіне сүйенсек қазіргі таңда аудан халқының 80% аса дауыс берушілер өз таңдауларын жасаған.
МҰСТАФАЕВА Қаншагүл,
«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!