Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Жұма, 22 қараша, 13:25

Антикор Қызылорда жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу саласында 500 млн тенге үнемдеді

03.04.2024

345

0

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникация қызметінің алаңында «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасының іске асырылуы» бойынша өткен брифингте Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков баяндады.

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті «Бірыңғай сатып алу терезесі» порталына жүргізілген мониторинг нәтижесімен, тапсырыс берушілерге тауарлармен қызметтердің сатып алу бағаларын қайта қарап, оларды төмендету нәтижесінде шамамен 500 млн теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасымен барлығы 9 бағыт белгіленген, олар: жер, жол, олигополиялар, әлеуметтік сала, жылу электро орталықтары, сейсмологиялық қауіпсіздік, бизнес, агроөнеркәсіптік кешені, апаттық және тозығы жеткен тұрғын үйлер.

Өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аталған картаға енген салалардағы мәселелерін шешу, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау үшін тиісті алдын алу жұмыстарын жүргізді: 2–сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және 1 – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау.

Мәселен, облыстың спорт саласына жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелерімен салада қаржылық жоспарлаудағы бірқатар жүйелі тәуекелдер, жекелеген спорт мектептері есепшілерімен шамамен 25 млн тенге бюджет қаражаты жымқырылғаны анықталды. Бұл деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Сонымен қатар, спорт саласында 11 тұлға жалған дипломмен жұмыс атқарғандары белгілі болды. Анықталған барлық тәуекелдерді жою үшін әкімдікке 12 ұсыным берілді.

Бұдан бөлек, «Бизнеске жол» жобасын іске асыру қорытындылары айтылды.

Жоба аясында жыл басынан бері 32 кәсіпкерлік субъектісінің құқығы қорғалды.

Бүгінгі күні  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер» жобасы бойынша мақсатты аудитория 110-нан аса еріктілер санымен толығып, атқарылған жұмыс нәтижелері өз жемісін көрсетуде.

Ағымдағы жылы Департаментпен жалпы 9 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды (676 бабы – 2, 680 бабы – 7) оның ішінде сотпен 2, қысқартылған тәртіппен 7 әкімшілік істер қаралған.

Бұдан бөлек, облысымызда құрылыстары жүргізіліп жатқан 6 нысан бойынша барлығы 3,8 млрд теңгенің кемшіліктері мен сәйкессіздіктері анықталып, бүгінгі күнге 882 млн теңге мөлшерінде  материалдық залалдың алды алынды.

«Біз өз қызметімізді басқа да мемлекеттік органдармен, қоғаммен және халықпен бірлесіп жалғастыратын боламыз.

1424 Call-орталығымыз азаматтарға тегін ақпараттық– констультациялық қолдау көрсетеді.

  Кез келген сыбайлас жемқорлық фактілер туралы осы Call-орталыққа, сонымен қатар біздің Департаментке, немесе Департамент басшысының «Фейс-бук»-парақшасына хабарласа аласыздар. Барлық өтініштер біздің тұрақты бақылауымызда», – деп қорытындылады А.Ашиков.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: