Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Сәрсенбі, 27 қараша, 12:28

«Қазақстан халқына» қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 10 млрд теңге бөледі

09.04.2024

302

0

«Қазақстан халқына» қоры су тасқынынан зардап шеккендерге көмек мөлшерін 10 млрд теңгеге дейін ұлғайтады, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Бұған дейін қор ауылдық жерлерде 200 үй салу үшін 5 млрд теңге бөлетіні туралы жарияланған болатын.

«Апаттың ауқымы мен оның салдарын ескере отырып, қордың Қамқоршылық кеңесі осы мақсаттарға барлығы 10 млрд теңге бөлу туралы шешімді бекітті», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек 1-30 сәуір аралығында заңды және жеке тұлғалардан қордың шоттарына түскен барлық қайырымдылық қаражаты зардап шеккендерге үй салуға аударылады.

9 сәуірдегі жағдай бойынша азаматтар мен компаниялардан 970 млн теңге түсті.

Қор қаражаты мен жиналған ақша есебінен 430-дан астам үй салуға болады. Жаңа донорлар белсенді қатысқан жағдайда Қор үйлер санын едәуір арттырады деп болжанып отыр.

«Қазақстан халқына»» қоры жанашыр азаматтар мен заңды тұлғаларды мемлекет басшысының зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қаражат жинау жөніндегі бастамасын қолдауға шақырады», – деп жазылған үндеуде.

Қор қайырымдылық үшін https://qazaqstanhalqyna.kz/kk/donors.htmlресми сайтында көрсетілген шоттар мен деректемелерді пайдалануды сұрайды.

Жеке тұлғалар үшін аударымдар банктердің мобильді қосымшаларында «қайырымдылық» бөлімінде қолжетімді.

Донорлар мен қайырымдылық мөлшері көрсетілген егжей-тегжейлі есеп, сондай-ақ құрылыс барысы туралы ақпарат Қордың веб-сайтында орналастырылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: