Шабысымен талай жүйрікті шаң қаптырған Кабирханның иесі Тілек Мұханбетқалиев соңғы бәйгеге қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тілек Мұханбетқалиевтің пікірі ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Ат иесінің айтуынша, Кабирханның жарысқа дайындығы төмен болған.
«Кабирхан дайын болған жоқ, яғни дайындығы төмен болды. Өздеріңіз де көріп отырсыздар, ол шыққан кезде қатты терлеп кетті. Финишке жететін кезде тынысы тарылып, ауа жетпей қалды. Ат аман, денсаулығы жақсы. Атты көрдім, ол оған қатты әсер еткен жоқ, өйткені ол «кроссинг» жасады. Енді Кабирхан демалады. Ол былтырғы маусымнан бастап, осы күнге дейін жарыстарға қатысты. Ол 11 ай бойы жарыстарда жүрді. Енді, келер жылы Бауыржан Мырзабаевты отырғызуға тырысамыз. Жеңістер әлі алда, Кабирхан небәрі 4 жаста. Алда 5, 6 жас бар. Алла қаласа, әлі жанкүйерлерді қуантамыз», – дейді Тілек Мұханбетқалиев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!