Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 10:55

«Журналистика – мәні терең мамандық» атты мүшәйра өтеді

22.04.2024

485

0

Ережесі

«Журналистика – мәні терең мамандық»атты 9-11 сынып оқушылары арасында қалалық жас ақындар мүшәйрасы өтеді. Жыр додасы Қызылорда қаласындағы шығармашыл жастардың шабытын шыңдау мақсатында «Сыр медиа» ЖШСұйымдастыруымен өткізіледі.

Жыр мүшәйрасының мақсаты:

– Ұлт тарихын түгендеп, елдік және ерлік дәстүрді, өңірдің оң имиджін насихаттап, ақпарат жаршысына айналған басылымдар мәртебесін көтеру;
– «Сыр бойы» газетінің 95 және «Ақмешіт апталығы» газетінің 30 жылдық тарихын насихаттау;
– Журналистика саласына өзіндік қолтаңбасымен келген дарынды тұлғаларды дәріптеу және құрмет көрсету;
– Аймақ жастарының «Ақмешіт жастары» газетімен байланысын нығайту.

Жыр мүшәйрасының шарттары:

– Жыр мүшәйрасына қаладағы барлық мектептің оқушы-ақындары қатыса алады. (Әр мектеп мектепішілік іріктеп, бір ғана оқушыны ұсынуы тиіс);
– Мүшәйраға 9-11 сынып оқушылары қатысады;
– Мүшәйраға бір ақын екі өлең ұсына алады:
І кезең бойынша «Журналистика – мәні терең мамандық» арнау өлеңі;
ІІ кезең бойынша Еркін тақырып (Арнау өлең болмауы шарт).
– Поэзиялық шығармалардың ең көлемдісі 9-10 шумақтан аспауы керек;
– Шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында 14 кегльмен, 1,5 интервалмен, Times New Roman қарпімен ғана қабылданады;
– Жыр мүшәйрасына бұған дейін ешбір газетте, журналда, кітапта, электронды ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланбаған, басқа байқауларға жіберілмеген жаңа шығарма ғана ұсынылады;
– Жыр мүшәйрасына қатысушы ақын өзінің аты-жөнін, телефон нөмірін, сапалы суреті мен шығармасын aqmeshit_zhastary.kz@mail.ru эл.поштасына немесе 8-705-824-74-32 ватсап нөміріне жазып жолдайды.
– Жолданған барлық өлеңдер Республикалық «Ақмешіт жастары» газетінің сайтына (http://www.aqmeshit-zhastary.kz/) орналастырылады. Сайтта ЕҢ КӨП ҚАРАЛЫМ ЖИНАҒАН өлеңдер ескеріледі.

Жыр мүшәйрасының мерзімі:

– Жыр мүшәйрасына қатысатын шығармаларды қабылдау 2024 жылы 13 мамырда тоқтатылады;
– Қабылданған шығармалардың ішінен іріктеліп шыққан 20 ақын 2024 жылы мамыр айының 16-сы күні 10:00-де қорытынды кешке шақырылады. Өтетін орны: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайы. (Жетекші болуы міндетті).
– Іріктелген шығармалар ішіндегі ең үздіктері 2024 жылы мамырдың 16-сы күні қазылар шешімімен анықталады;
– Ең үздік деп танылған шығармалар БАҚ-та жарияланады.

Жыр мүшәйрасының қазылар алқасы:

– Қазылар алқасы қазақ поэзиясында өзіндік орны бар ақындардан құралады;
– Олар жыр мүшәйрасына түскен шығармаларды саралап, ең үздіктерін анықтайды;
– Анықталған үздік шығармалардың жеңген орнын көрсетіп, ұйымдастырушыларға ұсынады;
– Ұйымдастырушылар бәйге жүлделерін бөледі.

Жыр мүшәйрасының бәйгесі:

– Бас бәйге – біреу;
– Бірінші орын– біреу;
– Екінші орын – біреу;
– Үшінші орын – біреу;
– Ынталандыру – біреу;
(Жыр мүшәйрасына түскен шығармалардың сапасына қарай қазылар алқасының ұсынысымен және ұйымдастырушылардың мақұлдауымен бәйгелер саны өзгеруі мүмкін).
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жыр мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттау

– Жыр мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттау 16 мамыр күні өтеді.

Әріптестік байланыс
– Қызылорда қалалық білім бөлімі;
– Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті.

Ұйымдастырушылар

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: