Мемлекеттік стретегияның негізгі басымдығының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Жемқорлықты жоюдың тиімді тетігі де осы, яғни әр адам онымен күресті өзінен бастаса, әрбір істе нәтиже болары анық.
Жуырда «Amanat» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлескен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға және алдын алуға арналған дөңгелек үстел өтті. Жиында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Еркін Назарқұлов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша профилактикалық шаралар өткізілетінін айтты.
Айта кетейік, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде 4 адам жұмыс істейді. Ал №11 өрт сөндіру бөлімінде 35 қызметкер, 3 өрт сөндіру техникасы бар.
Басқосуда партияның аудандық филиалының кеңесшісі Асхат Ахметжамиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!