Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 10:59

СОТҚА ДЕЙІНГІ ХАТТАМАНЫҢ МАҢЫЗЫ

10.06.2024

455

0

Хаттаманың маңызы тараптарға азаматтық іс қозғалғанға дейін дәлелдемелерін алмасуға, сол арқылы даудың болжамды нәтижесін болжауға өз шығыстары мен уақытын және моральдық шығындарын азайтуға, өзара достық қарым-қатынасты сақтауға, сондай-ақ  дауларды соттан тыс реттеуге халықтың қызығушылығын арттыруға жол ашады.

Сотқа талап қою келіп түскен кезде татуластырушы судья тараптарға келесі күннен кешіктірмей татуластыру рәсіміне қатысу үшін шақыру мен сотқа дейінгі хаттаманың үлгісін жібереді, онда тараптар өздерінің талаптарының немесе қарсылықтарының негізгі ретінде сілтеме жасағысы келетін тараптардың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың ашу,ұсыну және дәлелдермен алмасу жөніндегі іс-әрекеттерін көрсетуге және іс-сотта қаралған жағдайда оларды пайдалануға құқылы.

Талапты қамтамасыз ету шараларын қабылдау кезінде шақыру тиісті үйғарым шығарылғаннан кейін жіберіледі. Татуластыру рәсімдерін жүргізу барысында татуластырушы судья тараптарға татуласудың артықшылықтары туралы түсіндіреді, тараптардың әрқайсысына өздері сілтеме жасағысы келетін өз дәлелдерін өзара ашып, ұсынуға кеңес береді. Егер тараптар талап қоюды қабылдау сатысында татуласа алмаса онда сот ісі татуластырушы судьяның сотқа дейінгі хаттамасымен бірге істің мәні бойынша қарау үшін басқа судьяға қайта бөлінеді. Егер дәлелдемелерді ұсынған адамдар істі сот  талқылауына дайындау сатысында ұсынудың мүмкін еместігін негіздесе, дәлелдемелер сот талқылауы сатысында ұсынылуы мүмкін. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды сот тараптардың және іске қатысатын басқа да адамдардың талаптары мен қарсылықтары негізінде, қолданылуға жататын материалдық және процестік құқық нормаларын ескере отырып айқындайды. Азамат істі сот талқылауына дайндау барысында не осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайларда сот талқылауы барысында ашылған сотқа дейінгі хаттамада көрсетілген дәлелдемелерге ғана сілтеме жасауға құқылы. Осыған байланысты тараптарға сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуластыру рәсімдерін жүргізу барысында өздерінің талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін дәлелдемелер ұсынған жөн, бұл оларға қарым-қатынасты сақтауға, моральдық және материалдық шығындарды азайтуға, дәлелдемелер мен дәлелдер алмасуға, сот талқылауының болжамды қорытындысын болжауға, дау бойынша ымыраға келіуге, жанжалды сот дауларынсыз аяқтауға мүмкіндік береді.

Егер тараптар сотқа дейінгі хаттаманы жасамай, он жұмыс күн ішінде татуластыру рәсімдері щеңберінде келісімді бекіту туралы өтініш жолдаса, судья азаматтық іс қозғау және оны сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарады. Сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып татуласқан жағдайда мұндай ұйғарым он бес күннен кешіктірілмей шығарылады.  

Сахи Ғалым Болатбекұлы

Жалағаш аудандық сотының

бас маман- сот отырысының хатышысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: