Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 08:02

«Ауыл аманаты» сәтті жүруде: Жамбыл облысында ауыл тұрғындары өндіріс ашып, жаңа жұмыс орнын құруда

03.08.2024

334

0

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Жамбыл облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылуымен танысты, деп жазады Egemen.kz.

Былтыр Жамбыл облысы Байзақ ауданының 342 тұрғынына «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,1 млрд теңгеге 2,5%-бен жеңілдігі бар несие берілді. Бір жыл ішінде ауылдарда жаңа өндіріс орындары ашылды. Тамара Дүйсенова ауыл тұрғындарымен кездесіп, табысты жобалармен танысты.

Жалғызтөбе ауылының тұрғыны Ғанибек Жұмасаев бағдарлама бойынша алынған 6 млн теңге мөлшерінде жеңілдігі бар несие қаражатына кәсіби жабдықтар сатып алып, темір шатыр жабындарын, металл плиткалар, пішінде төсеніштер әзірлеуді қолға алған. Кәсіпкер өз өнімі үлкен сұранысқа ие болатынына сенімді: көршілес екі ауылда жеке тұрғын үй салуға 700-ден астам учаске бөлінген. Онда құрылыс жұмыс басталды және ауыл тұрғындары жергілікті өндірушіден шатыр жабынына тапсырыс бере алады.

Вице-премьерге автокөлік жуу, монша кешені, сұлулық салондары және басқа да нысандардың сәтті жүзеге асып жатқаны баяндалды. Тамара Дүйсенова іске асырылып жатқан жобаларға оң бағасын беріп, жергілікті тұрғындарды ауыл халқының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы хабардар етті. Бүгінде өз бизнесін ашқысы келетін жастардың жеңілдігі бар несие алуға мүмкіндігі мол, ал әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін өтеусіз гранттар көзделгені атап өтілді.

Облыс әкімдігінде өткен отырыста «Ауыл аманаты» бағдарламасын насихаттау және халықтың бизнес-идеяларын қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы Жамбыл, Талас және Жуалы аудандарының әкімдері баяндады. Ақтөбе облысы Саржансай ауылдық округінің әкімі осы бағыттағы тәжірибесін бөлісті.

«Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру – мемлекет дамуының кепілі. «Ауыл аманаты» жобасы әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, әр облыста іске асырылуда. Табысты жетістіктерін бөлісу және бағдарламаны жүзеге асырудың тиімді жағдайын кеңінен тарату маңызды. Ауыл әкімдері халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуі тиіс», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: