Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 05:45

Қылмыстық істегі ерекше іс жүргізу

15.08.2024

158

0

 Азаматтық істегі сияқты қылмыстық істе де ерекше іс жүргізу тәртібі бар.                                        

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодекстің 11-бөлімі ерекше іс жүргізу деп аталады.

       Оған қандай істер жатады:

-1 есі дұрыс емес адамдарға медициналық  сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша сот ісін жүргізу;

-2 қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша істер жүргізу;

-3 кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша іс жүргізу;

-4 Қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу.

Іс жүргізуді ерекше деп атауы айтып тұрғандай, әрбіреуінің өзінің тергеу, қарау, сотқа жолдау және сотта қарау ерекшеліктері бар.

Соттарда кеңінен қаралатын қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу ерекшеліктеріне тоқталсам.

         Қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамға қауіптілік және жазаланушылық  дәрежесіне қарай қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінеді.

         Қылмыстық теріс қылық  деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, жеке адамға, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке болмашы зиян келтірген не зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу түріндегі жаза көзделген, айыпты жасалған іс әрекет (әрекет не әрекетсіздік) танылады.

         Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер сотқа келіп түскен кезден бастап он бес тәулік ішінде сотқа қаралуға жатады.

         Процеске қатысушылардың өтінішхаттары келіп түскен не істің мән-жайын анықтау қажет болған жағдайда, қарау мерзімі ұзартылуы, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

         Қылмыстық істе сот тергеуі айыптаушының сотталушыға таққан айыбының мәнін баяндаудан басталса, қылмыстық теріс қылық туралы істі қарауда хаттаманы судья жария етеді.

         Қылмыстық істерді апеллияциялық тәртіппен қарау құрамында алқаның кемінде үш судьясы  болатын алқалы түрде жүзеге асырылса, қылмыстық теріс қылықтар бойынша соттың үкіміне берілген шағымдарды, прокурорлардың өтінішхаттарын қарау кезінде судья жеке-дара жүзеге асырады.

         Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сотталған адам сотталғандығы жоқ  деп танылады.

         Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша іс жүргізудің қысқаша ерекшелігі осындай.

С.А.Амантаев

Жалағаш аудандық сотының

судьясы 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: