Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

11°C

, Сенбі, 28 қыркүйек, 08:21

Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары зерделенді

21.08.2024

116

0

Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын партиялық бақылау комиссиялары үш бағыт бойынша жүргізді. 1 бағыт бойынша «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, Жалағаш аудандық мәслихат депутаттары Қуат Ахетов, Бақыт Әбдреева аудандық білім бөліміне қарасты №32, №122, №117, №119, №188 орта мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

2 бағыт бойынша «AMANAT» партиясының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Г.Айтжанова, Қ.Дәулетова білім бөлімінің маманы Н.Қопаевпен бірлесе отырып, білім бөліміне қарасты №38, №203, №232, №124, №118 орта мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

3 бағыт бойынша Жалағаш аудандық партия филиалының төрағасы Ө.Елеусінов, аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қ.Досымов, Партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Х.Асқарова білім бөлімімен бірлесе отырып, білім бөліміне қарасты № 34, №114, №115, №116 орта мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Зерделеу барысында балалар қауіпсіздігі бойынша бейнебақылау камералары, дабыл түймелері, турникеттер және т.б. қауіпсіздік жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуін назарға алды. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері білім саласы басшыларына жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы бірқатар ұсыныстарын жеткізді.Кейбір мектептерге сын-ескертпелер айтылып, орындалуы бойынша бақылау болатындығын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: