Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 12:10

Қызылордалық полицейлер тағы да ірі есірткі алқабын жойды

21.06.2022

406

0

Қызылордада «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде ірі есірткі алқабы анықталды.

Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр департаменті мен Шиелі АПб-нің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген жедел іс-шара барысында 34 жастағы қала тұрғыны Қызылорда облысы, Шиелі ауданына қарасты далалық жерде қалың сексеуілдер арасында 1665 (бір мың алты жүз алпыс бес) түп сора өсімдігін еккені үшін құрықталып, ұсталды.

Одан бөлек оқиға басынан ұсталған күдіктіге жеке тінту жүргізу барысында одан кептірілген марихуана есірткі заты алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес заттай дәлелдеме ретінде алынған зат жалпы салмағы 8 келі 59 грамм сора өсімдігі мен 657,14 грамм кептірілген марихуана болып шықты.

Күдікті Шиелі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) және 300-бабының 2-бөлігімен (ірі мөлшерде құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: