Жыл сайын білімге құмартып, оқуға ынталы жандарға облыс әкімінің арнайы гранты тағайындалып келеді. Сонау 2013 жылдан бері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша облыс әкімінің грантын тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан білімге құштар мыңнан аса түлек иеленіп келді.
Биыл да білімге бой ұрған жандарға жақсы мүмкіндік туындады. Қанша грант тағайындалды? Қандай мамандықтарға басымдық берілді? Осы сұрақтардың жауабын Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев баяндап берді.
– “Арнайы комиссия шешімдерімен жалпы қосымша бекітілген 47 гранттың 44-і тағайындалды. Атап айтқанда, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне бөлінген 36 гранттың 33-і, Қызылорда «Болашақ» университетіне бөлінген 1 гранттың 1-і, Нұр – Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетіне бөлінген гранттың 1-і, Қарағанды медицина университетіне бөлінген 2 гранттың 2-не, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетіне бөлінген 7 гранттың 7-де тағайындалды. Тағайындалған гранттар бойынша археология және этнология мамандығына – 4грант, әлеуметтік жұмыс – 2, дизайн – 1, журналистика және репортер ісі – 1, экология және табиғатты пайдалану – 10, дәстүрлі музыка өнері – 1, аударма ісі – 6, ақпараттық жүйе – 2, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері – 6, көлікті пайдалану және жүк қозғалысымен тасымалдауды ұйымдастыру – 1, исламтану мамандығына – 1, жалпы медицинаға – 9 грант тағайындалды.
Әлеуметтік санаттар бойынша грант иегерлерінің:
– 22-і көп балалы отбасылардан;
– 6-ы ата анасының біреуі мүгедек;
– 5-і аз қамтылған отбасынан;
– 7-уі асыраушысынан айырылған отбасынан;
– 2-уі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеуші;
– 2-і толық емес отбасынан.
Қызылорда қаласы мен аудандар бөлінісінде Арал ауданына бөлінген 3 гранттың 3-і, Қазалыда 1 гранттың 1-і, Қармақшыда 3 гранттың 3-і, Жалағашта 1 гранттың 1- і, Сырдарияда 2 гранттың 2 – і, Шиеліде 8 гранттың 6 – ы, Жаңақорғанда 2гранттың 2-уі, Қызылорда қаласында 27 гранттың 26-ы тағайындалды.
Үш мамандық бойынша, оның ішінде Шиелі ауданынан журналистика және аударма ісі бойынша 2 грант, Қызылорда қаласында ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығы бойынша 1 грант үміткерлердің өз еркімен бас тартуына байланысты тағайындалды.
Қорытындысымен екінші отырыста белгіленген 47 мамандықтың �44 игерілді. Барлығы әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан білім алуға бөлінген 100 гранттың 69-ы арнайы комиссия шешімдерімен облыс әкімі грантымен жоғарғы оқу орнындарында білім алуға қолдау білдірілді”,- деді Ғабит Жұмабекұлы.
Фото: Өңірлік Коммуникациялар қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!