Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Жексенбі, 24 қараша, 10:57

АЭС құрылысы еліміздегі ғылыми-техникалық прогресті ынталандырады

11.09.2024

285

0

АЭС-ті қолдау жөніндегі аумақтық Халықтық штаб өкілдері Шілдебаев Бейбітжан, Оспанова Сәлима, Абдреева Бақыт және Ахметжамиев Асхат Т.Жүргенов ауылында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті.


Атом энергетикасы экономиканың маңызды қозғалтқышына және жоғары технологиялық сектордың локомотивіне айналады. Іргелес салалар үшін орасан зор мультипликативті әсер береді және ғылыми зерттеулердің өсуіне әкеледі.


Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында аумақтық Халықтық штаб өкілі Оспанова Сәлима: еліміздің дамуы мен алға жылжуы бізбен сізге байланысты. Біз бірлесу арқылы жеңіске және нәтижеге жетеміз. Елімізде атом энергетикасын дамытудың қажетті жағдайлары қарастырылып жатыр. . Сондықтан аталған референдумның еліміз үшін стратегиялық маңызы зор»,- деді.


Еліміз бойынша 70% – қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына аса тәуелді. Дегенмен, бұл модель күрделі мәселелерге тап болуда. Сонымен қатар, экологияға айтарлық әсерін тигізуде. Жаһандық экологиялық күн тәртібін ескере отырып, көмір өндіруді дамыту қазіргі уақытта инвесторлар тарапынан қаржыландырудың жетіспеушілігімен, көміртегі шығарындыларына жоғары айыппұлдар және салықтармен қиындауда. Сонымен қатар, атом электр станциясының құрылысы келесілерге нарықтағы электр энергиясының тапшылығын өсіп келе жатқан қажеттіліктермен және тозуға байланысты азайып бара жатқан генерацияланған жабдықпен толтыруға мүмкіндік береді,- деді Шілдебаев Бейбітжан.


Қазақстанға бірқатар маңызды мәселелерді шешу үшін яғни парниктік газдар шығарындыларын азайту. Атом электр станциялары көмірқышқыл газын және басқа парниктік газдарды шығармайды, бұл климаттың өзгеруімен күресуге көмектеседі, энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етеді және электр энергиясын салыстырмалы түрде төмен бағамен өндіреді, бұл тұтынушылар үшін тарифтердің өсуін тежейді – деді Асхат Ахметжамиев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: