Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 18:16

Мемлекеттік қызметшілер және полиция қызметкерлері марапат төрінен көрінді

24.06.2022

457

0

Кеше Жалағаш аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер және Полиция күніне орай салтанатты шара өтті.

Шарада аудан әкімі Асқарбек Темірбекұлы ел үшін ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген қос саланың қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар мемлекеттік қызметшілерге және полиция бөлімінің қызметкерлеріне аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.

Аудан басшысы өз сөзінде, мемлекеттік қызметші пен қоғамдағы тәртіп сақшысының міндеттері сабақтас екендігін атап өтіп, бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкер мен полиция – мемлекеттік аппараттың жұмысын алға жылжытушы кадр және мемлекеттік биліктің оң имиджін қалыптастырушы бірден-бір тұлға деді. Салтанатты шара мемлекеттік қызметшілер және Полиция қызметкерлері күніне арналған концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кету керек, аудандағы мемлекеттік қызметшілердің 72 пайызын ер азаматтар құраса, 28 пайызы әйел азаматшалардың үлесінде. Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінде жыл басынан орын алған қылмыстардың ізін суытпай кезекші тәулікте ашылуы 55,8 пайыздан 64 пайызға жақсарса, жалпы тіркелген қылмыстардың саны өткен жылмен салыстырғанда 69 дан 60-қа, яғни 9 қылмыстық құқық бұзушылыққа немесе 13 пайызға төмендеген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: