Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Жұма, 20 қыркүйек, 16:34

Халықтық штаб мүшелері аудандық кітапхана қызметкерлерімен кездесті

20.09.2024

75

0

Бүгін АЭС-ті қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб өкілдері,Х.Асқарова, Қ.Дәулетова, А.Ахметжаиев ,Ж.Әбсаттарұлы, аудандық кітапхана қызметкерлерімен кездесу өткізіп Штаб мүшелері

Іс-шара барысында Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша 6 қазанда өтетін референдум мен Президент Жолдауының жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Бүгінде қолданысымыздағы көп дүние электр қуатымен байланысты. Барлық тұрмыстық техника, мобильді құрылғылар және интернет соның арқасында жұмыс істейді. Ол үйімізді, көшелерді жарық етеді, ал соңғы кездері онымен көлігімізді де қуаттайтын болдық деді- Қ.Дәулетова

6 қазанда жасайтын таңдауымыз әрі қарайғы экономикалық өркендеуіміздің негізі болады. Бұл – жай ғана гаджеттер мен автомобильдерді қуаттау емес, болашақта баршамыздың игілігімізге жарайтын инновациялар мен технологиялық прогреске бет түзеген қуатты ел болуға жасалатын қадам деп атап өтті Х.Асқарова
Біз күнделікті тұрмыста электр энергиясынан қуат алып келеміз, енді елімізге қуат беретін сәт туды! Дұрыс шешім қабылдайтын уақыт келді деп нақты қотындылай кетті- А.Ахметжаиев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: