Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамовпен бірге «Самара-Шымкент-Қызылорда» аудандық маңызы бар автожолды қайта жаңғырту жұмыстарын көрді.
Мердігер мекеме «УАД» ЖШС 8,4 шақырымдық жолды төрт жолақты, көлік жүретін бөлігінің енін 14 метр етіп салуда. Құрылысты 6 айда бітіру жоспарланған.
Айдың соңына дейін бір жолақ 7 метр ені толық бітеді, қалған екінші жолақ қазан айында аяқталады.
Қазір құрылыс алаңында техникалық қадағалаушы «Қызылорда Нұр Строй Инжиниринг», авторлық қадағалаушы «Блеск Мастер» серіктестіктері де жұмыс жасауда.
Аймақ басшысы құрылыс жұмыстарын сапалы әрі жоспарға сай жүргізуді тапсырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!