Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Сенбі, 23 қараша, 23:57

Тоқаев Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрған қаскөйлерді ұстауды тапсырды

25.09.2024

201

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрғаны таспаланған бейнематериалмен танысып шықты, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

«Мемлекет басшысы ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды», – деп жазды ол.

Берік Уәли әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылықтың барлық фактісі президентке баяндалатынын, мұндай жағдайлар бақылауға алынатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында жас сарбаздардың денсаулығы мен абырой-беделіне қол сұғуға жол бермеу қажет екеніне назар аударған еді. Сонымен қатар бұл мәселеге әскери құрылымдардың басшылары тікелей жауапты екенін айтқан болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: