Жалағаш ауданында болған АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов пен облыстық Халықтық штаб төрағасы Алмасбек Есмаханов Таң ауылының тұрғындарымен кездесіп, АЭС бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бүгінде қолданысымыздағы көп дүние электр қуатымен байланысты. Барлық тұрмыстық техника, мобильді құрылғылар және интернет соның арқасында жұмыс істейді. Ол үйімізді, көшелерді жарық етеді, ал соңғы кездері онымен көлігімізді де қуаттайтын болдық,- деді ауыл тұрғындарына электр энергияның маңыздылығын атап өткен Мархабат Жайымбетов.
«Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Бұл орайда Мемлекет басшысы Жолдауында: Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керектігін айтқан болатын.
Еліміз қарыштап дамыған сайын тұрғындардың да электр қуатына деген қажеттілігі күн санап артуда. Сондықтан, бүгінді бағдарлы, келешекті кемел ету үшін АЭС салудың маңызы зор деп санаймын»,- деді сөз барысында Алмасбек Есмаханов.
АЭС қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жаңа жағдай жасайды. Электр энергияның тұрақты және қолжетімді тарифтері өндірістегі тиімсіз үстеме шығындарды азайтуға ықпал етеді. Ал бұл қадам қаражатты жаңа технологияларды енгізуге, жаңа жұмыс орындарын құруға бағыттауға мүмкіндік береді. Таза жасыл атом энергетикасы 2060 жылы көміртегі салығы енгізілген кезде отандық тауарларымыздың шетелдік нарықта сәтті бәсекелесуіне жағдай жасайды деді- Ө.Елеусінов.
Жиында АЭС бой көтеруі арқылы болашақта энергия көздерінен ешқандай кедергіге тап болмасымыз және оған әлемдегі АЭС арқылы қуат көзін ұтымды пайдаланып отырғаны елдер дәлелдемесі айтылды.Сонымен қатар, спикерлер тұрғындарды 6 қазан күні өтетін референдумға бір кісідей қатысып, өз позицияларын танытуға шақырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!