- Бүгін АЭС-ті қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб өкілдері Д.Мирман, А.Кенжебаев, А.Ахметжамиев партия филиалының мәжіліс залында білім, мәдениет, денсауық сақтау саласы мамандарымен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысының халыққа жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді баяндап, референдумның маңыздылығы жөнінде айтып өтті.
- АЭС құрылысы – бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба. Еліміздегі және әлемдегі барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасын пайдаланудың тиімділігін жақсы түсінеді. Бұл – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба. Біз үлкен таңдау алдында тұрмыз. Сондықтан Халықтық штабтың міндеті – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамды АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. 6 қазанда өтетін референдум біздің бірлігімізді көрсетеді», – деді Д.Мирман.
- Штаб мүшелерінен ақпарат алған азаматтар өздерінің ой пікірлерін ортаға салып, түсінік жұмыстары жүргізілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!