Өрт – тілсіз жау. Тілсіз жаудың күшейер уақыты, көктем және күз мезгілдеріндегі дала өрттері болып табылады.Ауыл шаруашылығы мен қоршаған ортаға үлкен шығын алып келетіні анық. Көктем және күз мезгілінде аудан аумағында дала өрттеріне байланысты Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері сақтық шараларын күшейтеді.Жылдың төрт мезгілінде тыным таппайтын Төтеншежағдайлар бөлімінің қызметкерлері ірі дала өрттеріне жол бермеу үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, жергілікті атқарушы органдармен, шаруа қожалық қызметкерлерімен бірлесе отырып түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады.
Дала өрттерінің шығу себептері ең алдымен адамдардыңқауіпсіздік шараларын сақтамауынан болады. Елдімекендерде ашық отты дұрыс пайдаланбау, дала өсімдіктерін қасақана өртеу, темекі қалдығын толықөшірмей тастау секілді себептерден де дала өрті өршіпотырады.
Орман өрті мен дала өртінің қиындығы табиғибайлығымызға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғамға үлкен әсерін тигізеді. Сол себепті, барша адамзаттыдала өрттерінің шығу себептерін білуге және сақтықшараларын қатаң түрде ұстануға шақырамыз.
Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!