Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:03

Мен өмірді қалаймын!

04.11.2024

440

0

Жақсы өмірге әркімнің бар таласы,
Тамаша ғой өмір деген, қарашы.
Есірткі мен нашадан аулақ болайық,
Жас ұрпақтың уланбасын санасы.

Шын бақыттан болсын десең үлесің,
Әр күн сайын нәпсіңменен күрескің.
Салауатты өмір салтын ұстансаң,
Сау денеде шалқып өмір сүресің.

Бірімізден өнер-біліммен асайық,
Гүлденейік, өркендейік, тасайық.
Ел ертеңі – біз екенін ұмытпай,
Болашаққа жарқын қадам жасайық.

Мен өмірді үлкен сыйға балаймын,
Өз тағдырым қолымда деп санаймын.
Ал таңдауым – есірткісіз болашақ,
Өмір қымбат, мен өмірді қалаймын!

Қызылорда обылысы,
Жалағаш ауданы,
Ақсу ауылы,
№116 орта мектеп

10 сынып оқушысы
Мырзабек Дархан Айдосұлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: