Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 15:53

Қызылордада 2 мыңға жуық кәсіпкерлердің құқығы қорғалды

25.11.2024

55

0

Департамент өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Бизнеске жол» жобасының аясында 2 мыңға жуық кәсіпкердің құқығын қорғады.

Мысалы, ағымдағы жылғы тамыз айында Департаментке жергілікті атқарушы органның жеке кәсіпкердің меншік құқығындағы жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына алу іс-әрекеттеріне шағымы келіп түсті.

Департамент шағымды жан-жақты талқылап, шешім қабылдау мақсатында «Атамекен» палатасы алаңында қалалық мүдделі органдар басшылығының қатысуымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында шағымда көрсетілген жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім негізсіз шығарылғаны белгілі болды.

Бұл ретте кәсіпкердің жоғарыда аталған жер учаскесін 20 жылдан астам уақыт мал базары ретінде пайдаланып, халықтың сауда-сатығымен айналысуына мүмкіндік беріп отырғанын ескеру қажет.

Департаментпен енгізілген ұсыныс негізінде жоғарыда аталған негізсіз шешімнің күші жойылды. Осылайша кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Бұдан бөлек, тағы бір кәсіпкердің жергілікті атқарушы орган (тапсырыс беруші) мемлекеттік сатып алу шартында көрсетілген міндеттемелерін уақтылы орындамай және атқарылған жұмыстар актісін қабылдамау жөнінде жазған өтініші оң шешімін тапты.

Зерделеу барысында тапсырыс берушінің шарт бойынша аванстық төлемдерді төлеуді кешіктіргені (мерзімінен 4 ай кеш төленген) анықталды, бұл өз кезегінде мердігерге қаржыландырудың болмауына байланысты объектіде жұмысты уақтылы бастауға мүмкіндігін шектеген. Сонымен қатар, мердігер материалдарды жеке қаражаты есебінен сатып алуға мәжбүр болған.

Департамент әкімдікке тиісті ұсыныс хат жолдап, қабылданған шаралардың нәтижесінде тапсырыс беруші тарапынан  кешіктірілген қаражат аударылып, объект бойынша қазан айында орындалған жұмыстардың актісіне қол қойылды.

Осылайша, кәсіпкердің құқығы қорғалып, оған тиісті 267,7 млн теңге сомасында қаражаты төленді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: