Вашингтондағы билік ауысқаннан кейін Киев Джо Байден әкімшілігі кезіндегідей көлемде әскери көмекке үміттенбеуі керек, деді АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп NBC News арнасына берген сұхбатында.
Ол Украина АҚШ-тың көмегі азаюы мүмкін екенін есепке алуы керек екенін мәлімдеді.
Сонымен бірге Трамп қақтығысты шешуге ниетті екенін білдірді.
«Егер қолымнан келсе», – деп қысқа қайырды.
Бұған дейін АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты келіссөздер арқылы реттеуге қол жеткіземін деп уәде берген болатын. Ол Украинадағы жанжалды бір күнде шеше алатынын бірнеше рет мәлімдеген. Ресей Федерациясы бұл тез шешіле салатын мәселе емес деп санайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!