Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 09:47

АҚСУ-ӨЛКЕ ЖЫЛЫЖАЙЫ ӨНІМ БЕРУДЕ

09.12.2024

161

0

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кентінде орналасқан «Ақсу-Өлке» жеке кәсіпкерлігің жылыжайымен танысты. Жеке кәсіпкер Дәулет Сәруар қияр өнімін өндіруде жаңа бастаманың жеміс беріп жатқанын айтты.

Мемлекет басшысының қолдауымен елімізде жүзеге асырылып жатқан «Ауыл Аманаты» жобасы бүгінде шағын кәсіпкерлер үшін мол мүмкіндік екенін айтқан аудан әкімі Ардақ Ибраимов, жергілікті жылыжай өнімінің қыс мезгілінде тұрғындар үшін тиімді бағада сұранысқа ие болатынын жеткізді.

«Ауыл Аманаты» жобасы бойынша жеке кәсіпкер Сәруар Дәулет Сәбитұлының Жылыжай жобасы қаржыландырылған. Жоба құны 8,6 млн теңге. Екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Жылыжай Жалағаш кенті, Тұңғышбаев көшесі №46 мекен жайда орналасқан.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов жауапты сала басшыларына аудан көлемінде мемлекет тарапынан қолдау тапқан жобалардың нәтижелі жұмыс жасауын тұрақты бақылауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: