Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сәрсенбі, 18 желтоқсан, 15:41

Балаларға арналған жинақтау жүйесіне қатысты заң мақұлданды

13.12.2024

202

0

Сенат отырысында «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заң мақұлданды.

Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» туралы заңды қарады.

Заң қоғамдық даму, мәдениет, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған. Атап айтқанда, осы заң арқылы «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтаушы жүйесінің қызметін құқықтық реттеу көзделіп отыр.

«Келешек» бағдарламасы жоғары білім алуды, колледжде немесе магистратурада оқуды қоса алғанда білім беру жинақтарын қалыптастыруға арналған. Бұл ретте мемлекеттің, ата-аналардың және қаржы институттарының қатысуы да көзделген.

«Мақұлданған заңда бірқатар саланы бюрократиядан арылтуға арналған түзетулер топтамасы қамтылған. Сондай-ақ президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауда жүктеген тапсырмасын орындау мақсатымен «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу жөнінде норма қарастырылып отыр. Алдағы уақытта заң азаматтарға сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға оң септігін тигізеді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Осылайша, заң мәдениет, қоғамдық даму саласын реттеудің нормативтік негізін тұжырымдамалық тұрғыдан өзектендіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ұлттық заңнаманы және оның құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіруге ықпал етпек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: