Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

18°C

, Дүйсенбі, 21 сәуiр, 22:29

2025 жылы Қызылорда өңірінде 47 әкім жаңадан сайланады

06.01.2025

325

0

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау тетігі енгізілген уақыттан бері Қызылорда облысындағы 146 әкімнің 90 пайызы жаңадан сайланды.

ҚР Жергілікті өзін өзі басқару туралы заңға сәйкес әкімдер 4 жыл мерзімге сайланады.

2025 жылы өкілеттілік мерзімі аяқталатын және мерзімінен бұрын тоқтатылған ауыл әкімдерінің сайлауы ұйымдастырылады. Мәселен, Қызылорда қаласында 2 ауылдық округ, Арал ауданында  10 округ, Қазалы ауданында 2 округ, Қармақшы ауданында 4 округ, Жалағаш ауданында 5 округ, Сырдария ауданында 6 округ, Шиелі ауданында 3 округ және Жаңақорған ауданында 15 ауылдық округ әкімі сайланады.

Айта кетейік, өткен 2024 жылы 33 ауыл әкімі сайланды. Оның 2-і кент, 31-ы ауылдық округ әкімі.

Ауыл әкімі сайлауының өткізу кезеңдері туралы ақпарат білгіңіз келсе, постердегі QR кодты сканерлеңіз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: