Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының бірінші кезеңі «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық байқау комиссиясы отырысы болып өтті.
Байқау отырысын партия филиалының атқарушы хатшысы Қ.Мұстафаева ашып, «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының мақсаты – бүкіл партиялық құрылымның жұмыс тиімділігін арттыру, бастауыш партия ұйымдарының рөлі мен белсенділігін күшейту, олардың ынтасын және партияның қызметіне қатысу деңгейін арттыру екенің түсіндірді.
Байқауға ауданымыздағы 22 бастауыш партия ұйымдарының 18 қатысып, 2023-2024 жылдары партиялық жобаларды іске асыруға қатысу, партияішілік жұмыстар, партиялық жұмыста креативті әдістерді пайдалану, бастауыш партия ұйымының бұқаралық ақпарат құралдарындағы жұмысы, жастармен жұмыс жайында атқарылған жұмыстары бойынша жасалған партфолия папкаларын көрді.
Байқау нәтижесінде, І санат бойынша (3-тен 100-ге дейінгі мүшесі бар БПҰ) «Мәдени мұра» БПҰ үздік деп танылып, І орынды иеленді. ІІ орын «Аққыр ауылдық округі» БПҰ-на, ІІІ орын «Жаңадария ауылдық округі» БПҰ-на, ІІ санат бойынша (100-500 мүшесі бар БПҰ) «Аққұм ауылдық округі» БПҰ үздік деп танылып, І орынды иеленді. ІІ орын «М.Шәменов ауылдық округі» БПҰ-на, ІІІ орын «Таң ауылдық округі» БПҰ-на бұйырды. ІІІ санатта (500-ден жоғары мүшесі бар БПҰ)
3-ші санаттағы БПҰ саны біреу болуына байланысты, Дарын БПҰ Үздік бастауыш партия ұйымы байқауының ІІ кезеңіне Қызылорда аймақтық байқауға қатысуға жіберіледі. Байқау жеңімпаздарына партия филиалының атқарушы хатшысы Қ.Мұстафаева арнайы дипломдарды табыстады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!