Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сәрсенбі, 05 ақпан, 11:50

Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті

24.01.2025

401

0

      Сыбайлас жемқорлық –қызметтік лауазымды пайдалана отырып, оны жеке мүддеге пайдалану.Жемқорлық әсіресе мемлекеттік органдарда қауіпті.Тәжірибе көрсеткендей, жемқорлық мемлекеттік басқару жүйесін бұзады, экономиканың дамуына шектеу қояды, әсіресе экономика саласында ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді.

Алайда көп жағдайда азаматтардың өзі лауазымды қызметкерлердің осындай қадамға баруына себепші болады.Сондықтан да заң бойынша «алушыға» ғана емес, «берушіге» де жауапкершілікке тартылады.

Бүгінде сыбайлас жемқорлық мәселесі бүкіл әлемнің басты проблемасы болып табылады. Әрине сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес.Сондықтан дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын  кесіп, оның ұлғаюына жол бермеуіміз керек. Ол үшін «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бәріміз бірге күресуіміз тиіс. Сонда ғана ел мүддесіне үлес қосып, халықтың сенімін ақтай аламыз. «Занды бұзған екенсің, оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» делінген Елбасы жолдауында. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр.Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Парақорлықтың алдын алу,жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Парақорлықпен елімізде көбіне-көп қолында билігі бар,шешім шығаруға,бөліп бергізуге өкілеті жететін  қызметкерлердің айналысып отырғанын көрсетеді. 

       Сондықтан еліміздің әрбір азаматы ҚР Конституциясын, құқықтарын жетік біліп, жіті түсініп, абыройы мен қадір-қасиетіне  құрметпен қарауға тиіс.Сонда ғана сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді. Мемлекеттің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір – қасиетін құрметтеуге міндетті. Жемқорлықты жоюды мақсат еткен Төтенше жағдайлар бөлімі де Жолдауда берілген тапсырмалардың, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүлделілік танытуды міндетті санайды.

Сенім телефоны

         Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, ТЖБ № 11өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері тарапынан заң бұзушылық пен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңы және ҚР Мемлекеттік қызметшілердің «Әдеп» кодексінің талаптарын бұзу фактісі байқалған жағдайда төмендегі сенім телефонына хабарласыңыздар.

       Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің сенім телефоны 8 (72431) 31-2-07.

       Сонымен қатар жоғарғы тұрған орган – Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 8 (7242) 24-40-76 сенім телефонын назарларыңызға ұсынамыз. 

Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің 2025 жылғы І– тоқсанында

жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін

қабылдау кестесі

Мемлекеттік органның атауыҚабылдау жүргізетін тұлғаның лауазымы, аты-жөніАзаматтарды қабылдау күні мен уақытыМемлекеттік органның мекен-жайы, қызметтік телефоны
Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөліміБөлім бастығыазаматтық қорғау подполковнигі Е. НазарқұловКүнделікті09.00-13.0014.30-18.30Демалыс күндер: сенбі, жексенбіЖалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Н.Мырзалиев көшесі            № 288 (72431) 31-2-07

   Жалағаш ауданы Төтенше

жағдайлар бөлімінің бастығы

азаматтық қорғау подполковнигі                                             Е.Назарқұлов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: