Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Бейсенбі, 30 қаңтар, 22:28

«Күміс домбыра» Сыр өңірінде

28.01.2025

329

0

Шымкент қаласында республикалық «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» атты «Күміс домбыра – 2024» жас ақындар айтысы өтті. Бұл – жас ақындар арасындағы жылдың ең басты қорытынды айтысы. Төрт жыл қатарынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл жарыс биыл да елдің түкпір-түкпірінен іріктелген өнерлі жастарды бір сахнада тоғыстырды. Биылғы додаға еліміздің әр өңірінен 16 ақын қатысты.

Айтыстың басты ерекшелігі ақындар сахнада халықтың алдында жеребе ар­қылы 16 ақын бір-бірімен жұптасып ай­ты­сады. Ақтық кезеңге қазылардың шешімі­мен 8 немесе 6 ақын жолдама алады. Әр жұпқа 20-25 минут уақыт беріледі. Ақтық кезеңде 6 ақын, яғни 3 жұп айтысады, әр жұпқа 15 минут уақыт бекітілген. Ең үздік өнер көрсетіп бас жүлде алған ақын «Күміс домбыра» иегері атанады.
Жарысқа қатысушылар айтыс өнеріне қызығатын жастардың қатары көп екенін айтуда. Екі күнге созылған бұл айтысты ерекше ықыласпен тамашалаған көрермен айтыс өнерінің құдіретіне таңданыстарын білдірді. Жастардың суырып салма өнерін көрсетуімен қатар, ұлттық өнерімізді ұлық­таған бұл айтыста қазылар алқасы әр өңірден келген. Мәселен, қазылар ал­қа­сының төрағасы «Алтын домбыра», «Құрмет» орденінің иегері Бекарыс Шой­беков болды. Қазылар алқасы құрамында Еркебұлан Қайназаров, Өміржан Көпбо­сынов, Анар Жаппарқұлова және Ахмет­жан Өзбеков секілді қазақ өнерінің майтал­мандары бар. Олардың әділ төрелігі қа­­ты­­­сушылардың өнерін жан-жақты ба­ға­лауға мүмкіндік берді.
Айтысқа қатысушылар сахнада ше­бер­ліктерін көрсетіп, қоғамдағы өзекті мә­селелерді сөзбен өрнектеді. Әсіресе, елдік пен бірлік, рухани құндылықтар, жас­тардың рөлі секілді тақырыптар басты назарда болды. Әр ақынның өнері қазылар тарапынан әділ бағаланып, жүлделер өз иелерін тапты.
Бас жүлдені қызылордалық, жерлесіміз, жас ақын Бексұлтан Орынбасаров иеленді. Жас ақынға «Күміс домбыра» және қар­жылай сыйақы берілді. Бірінші орынға Қарағанды қаласының ақыны Нұрмұхамед Байсүгіров лайық деп танылды. Екінші орынды түркістандық Нұрдаулет Өмірбек пен шымкенттік Нұрмахан Жақыпбек бө­лісті. Ал үшінші орынға Алматы облы­сы­нан келген Шынарбек Тұрсын мен Шымкент қаласының дүлдүлі Ахметрасул Баян­­бай қол жеткізді. Айтыста Ұлытау об­­лы­­сынан келген Сырым Нығызбаев пен Қос­­танай облысының намысын қорғаған Айбар Рағатов арнайы жүлделермен марапатталды.
– Айтыс өте тартысты өтті. Айтысқа бір ай дайындалдым, нәтижесінде бәрі ойымдағыдай болып, жеңіске жеттім. Сыр еліне «Алтын домбырадан» кейін «Кү­міс домбыра» келе жатыр. Әрине қар­сы­ластарым мықты болды. Бұл жерде біз­дің мақсатымыз сөз таластыру емес, тың­­дарманның көңіл түкпіріне ой салу. Тәуел­сіз елдің ұланы ретінде еліміздің жеткен жетістігі мен жастарға берілген мүм­кіндіктерді жырладым. Нәтижесінде жеңімпаз атандым. Кеңдігімен танылған байтақ елімді жырлаудан шаршамаймын. Қуаныштымын! Маған тілектес болған, жанкүйер болған жерлестеріме мың алғыс. Қолдаған аға-бауырларыма мың алғыс, – деді Бексұлтан Орынбасар.
Республикалық деңгейде ұйымдасты­рылған айтыс өскелең ұрпақты отан­сүй­гіштікке тәрбиелейді. Сондай-ақ қазақтың төл өнері мемлекеттің мерейін арттырары сөзсіз.
Ж.АРЫН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: