Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Бейсенбі, 30 қаңтар, 22:42

Қызылордада ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда

28.01.2025

242

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасап, өңірдегі инвестициялық жобалар туралы айтты.

Экономиканы әртараптандыруда 2024 жылы аймақта 37 млрд. теңгенің 21 инвестициялық жобасы іске қосылды. Негізгі капиталға 640 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 21,7 пайызды құрады (республиканың орташа көрсеткішінен 14 пайызға жоғары, ҚР – 107,5%). Оның 70,5 пайызы – жеке инвестиция. Шетел инвесторларымен нәтижелі жұмыстың арқасында 9 ай қорытындысымен 171 млн. АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартылып, өсім 16,6 пайызға жеткен.

2025-2029 жылдары аймақта құны 1 трлн. 900 млрд. теңге болатын 65 инвестициялық жоба іске асырылып, 8 100 жаңа жұмыс орны ашылады. Ел Президентінің тікелей қолдауының арқасында және Қатар мемлекетіне жасаған іссапары қорытындысымен өңірде 800 млрд. теңгенің, қуаттылығы 1 100 мегаваттық бу-газ қондырғысының жобасы қолға алынады. Қазіргі таңда жер беріліп, техника-экономикалық негіздемесі әзірленуде.Биыл «Шалқия» қорғасын-мырыш кенішін қайта жаңғырту үшін құны 215 млрд. теңге болатын жаңа кен байыту комбинатының, 147 млрд. теңгеге жылына 300 мың тонна кальцийленген сода шығаратын зауыт құрылысы басталады. Сондай-ақ, 62 млрд. теңгеге қуаттылығы 201 мегаваттық 5 күн және 1 жел электр станциясы іске қосылады.

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан – Германия, Қазақстан – Корея форумдарында қол қойылған меморандумдарға сәйкес, 31 млрд. теңгеге «Хорн» неміс технологиясы бойынша жылына 220 млн. дана шыны бөтелке шығаратын, 19 млрд. теңгеге кореялық «With You E&C Kyzylorda» компаниясының тұрмыстық қатты қалдықтар өңдейтін зауыттарының құрылысы басталады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: