Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Жексенбі, 20 сәуiр, 08:09

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясындаға инклюзивті балаларды қолдау кабинеттеріне мониторинг жұмыстары жүргізілді.

26.02.2025

241

0

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясындаға №201 мектеп-лицейінде инклюзивті балаларды қолдау кабинеттеріне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, мониторингке «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Мұстафаева Қаншагүл, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық маслихат депутаты Досымов Қайрат, аудандық маслихат депутаты Қуат Ахетов, , «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының консультанты Әбдісаттарұлы Жангелді, қатысып кабинеттердің ахуалымен танысып қайтты.

2024-2025 оқу жылында арнайы сыныпта 3 класс комплектіде 15 оқушы қамтылды. Оларға инклюзивті оқыту бойынша біліктілік курсын оқыған мұғалімдер мен 2 арнайы педагог, 1 логопед-мұғалім және 1 педагог-психолог, 2 педагог-ассистент психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.

Оқушылар күннің ІІ жартысында арнайы мамандардың (логопед-мұғалім, дефектолог-мұғалім, педагог-психологтың) түзету сабақтарын алады.

2021 жылдың қыркүйек айында Жол картасы аясында Әл-Фараби атындағы №201 мектеп –лицейге 2 032800,0 мың теңгеге инклюзивті қолдау кабинеті және 2497600,0 мың теңгеге Эдуквест мультимедиялық-интерактивті әдістемелік комплексі берілді.Инклюзивті қолдау кабинеті төрт функционалды (жеке сабақтарға арналған аймақ, топтық сабақтарға арналған аймақ, демалу және сенсорлық (түзету) аймағы, мұғалімнің жұмыс орны) аймақтарға бөлінген. Кабинетте екі арнайы маман (логопед және дефектолог) түзету сабақтарын жүргізеді.

2024-2025 оқу жылында 52 оқушыға Жалағаш ПМПК мекемесінің қорытындысы берілді. Олардың 15-і арнайы сыныпта түзетілуде, 14-і үйден оқиды, қалған 23 оқушы жалпы сыныпта білім алуда.

Мониторинг барысында кабинеттер заман талабына сай, оқушылардың білім алуына қолайлы екендігі анықталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: