Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының шаршы алаңына бүгін 4 боксшымыз көтеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, Астана уақытымен 18:00-де басталатын күндізгі сессияда алдымен 48 келіде Назым Қызайбай бақ сынайды. Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, отандасымыз словакиялық Николь Дуриковаға қарсы жұдырықтасады.
57 келіде ел намысын қорғайтын Карина Ибрагимова колумбиялық Валерия Арболедамен келесі кезең жолдамасын сарапқа салады.
75 келіде Надежда Рябец Сьерра-Леоне өкілі Коромаға қарсы сынға түседі.
Бәсекенің кешкі сессиясында 70 келіде Наталья Богданова испаниялық Мас Мартинезбен өзара кім мықтыны анықтайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!