Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Сенбі, 19 сәуiр, 17:35

Қызылшаның алдын алу

16.04.2025

208

0

Қызылша – бұл өте кең түрде таралғанинфекциялық ауру. Көбінесе балаларда кездеседі. Оның белгілері дене қызуының көтерілуі мұрынның, көздің және тамақтың шырышты қабығы қабынып, теріде бөртпелер пайда болады. Қызылша – қазіргітаңда ең жұқпалы аурудың бірі болып табылады. Бұл100 пайыз жұқпалы ауру, яғни бұрын қызылшаменауырмаған немесе егілмеген адам қызылшаменауырған адаммен байланысқа түссе, жұқтыру қауіпітуындайды.

Инфекция ауа жолы арқылы беріледі. Вирус сыртқы ортаға сөйлеген кезде түкірікпен, жөтелген, түшкірген кезде бөлінеді. 

Қызылшаның белгілері. Бұл аурудыңинкубациялық кезеңі жұқтырғаннан кейін біріншібелгілері пайда болғанға дейін, яғни 7 күннен 14 күнгедейін созылады. Есте сақтайтын ең маңызды жайтауру бөртпе шығудан басталмайды, ол суық тиюбелгілерімен басталады: дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақжөтел, мұрынның бітуі. Кейініректе конъюнктивиттің(көздің шырышты қабығының қабынуы) пайда болуы. Шамамен бірінші белгілердің шыққанынан 24 күнненкейін беттің шырышты қабығының(азу тістерініңқарсысында) ұсақ ақ дақтар пайда болады. Аурудың 3-5 күні ашық түсті бір-біріне өзара ұқсап кететін дақтарпайда болады. Ең алдымен олар құлақтың артындажәне маңдайда, содан кейін тез арада бет, мойын, дене және аяқ-қолға таралады. Ұсақ қызғылт дақтартез арада үлкейіп, формасын өзгертіп, бір-бірінеқосылып кетеді.

Қызылшаның дамуын байқаған сәтте кешіктірмейдәрігерге қаралу керек.

Асқынбай тұрғандағы қызылшаның белгілерінемдеу үшін төсекте жату режимі, суды көп ішу, қызуынтүсіретін, тұмау және тамақ ауруын, қақырықтытүсіретін препараттар мен витаминдерді қабылдау. Ал қызылшаның асқынған түрін емдеу стационар жағдайында жүргізіледі.

Қызылшаның алдын алу.

Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімдіәдісі вакцинация болып табылады. Қызылшадан егувирусты жасанды жолмен тоқтату, нәтижесінде ағзаөзін қорғайтын иммунитет жасайды. Кейбір балалардаегуден кейін 6 күннен 20 күнге дейін дене қызуыкөтеріліп, кейде конъюнктивиттің және бөртпелердіңпайда болуы байқалады. Бұл белгілер 2-3 күнге дейінсақталады, содан кейін бәрі жақсы болады. Қорықпаңыздар, бұл жағдайлар болуы мүмкін жәнеолар қауіпті емес. Бірақ сонда да егуден кейін қандайда бір қабыну болса, міндетті түрде дәрігерге көрінукерек. Ең алғашқы вакцинацияны балаларға 12 айлығында, екіншісі 6 жаста жасалады. Егу 15 жасқадейін өте сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Өз денсаулықтарыңызды күтіңіздер!

Г.Айымбетова – аудандық СЭБ басқарма басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: