Аудан әкімі Ардақ Ибраимов кент орталығындағы Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейі, №31 мектеп-гимназиясы, З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектебі жанындағы спорт алаңдарының құрылыс жұмыстарын бақылап көрді.
Мердігерлерге техникалық талаптарға сай, жұмыстарды сапалы жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, құрылыс барысында қауіпсіздік талаптарын сақтау мен пайдаланылатын материалдардың сапасына ерекше мән беруді міндеттеді.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жауапты сала басшыларына құрылыс жұмыстарын уақытында аяқтап, сапаны қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!