Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Сейсенбі, 02 желтоқсан, 12:46

Еңбек еленген күн

02.12.2025

3

0

Ала жаздай егіс басында еңбектің көркін қыздырған шаруа адамдарының бәрі осында. Әрқайсысының жүзінде қуаныш бар, дәстүрлі шарада бас қосқан ауыл еңбеккерлерінің еңбегі еленетін күн де жетті. Бұл сабантой – күзгі науқанның қорытынды жиыны. Кім жаздай қалай еңбек етті, соған сай табысқа кенеледі. Қарапайым шаруа адамдарының көбісі үш мезгіл тынымсыз еңбек еткендей, барлығы бүгін қаржылай қолдаудан құр қалмайтын сияқты. Өйткені көңілі шат, жүздері жарқын.

Иә, Ақсудағы «Сәрке батыр» ЖШС еңбеккерлері жыл сайын ауыл ша­руа­шы­лығы саласын ­та­быс­ты қо­­ры­тын­ды­лайды. Осыған ­де­йінгі су тап­шы­лы­ғы олардың са­ғын сын­дыр­ған жоқ, кері­сінше егіс ба­сында еңбек адамдары жа­уап­­кер­шілікті есе­­леді. Кезекпен су алу ар­­­қылы бұл мәселені еңсерген ауыл­­дағы аға­­­йын биыл да қамбаны ас­тыққа тол­­­тыр­ды.
Аудан әкімінің орынбасары Әлі­би Байнахатов алдымен шаруа адам­­да­ры­ның ала жаздай еткен ең­бегін тілге тиек етіп, серіктестіктің ал­дағы жұмы­сы­на сәт­тілік тіледі.
– Бүгін серіктестік ұжымы үшін ма­ңыз­ды күн, сіздердің жаздай егіс басында қа­лай еңбек еткендеріңізге ел куә, біз де жақсы білеміз. Сол еселі еңбектеріңіз ауданның әле­уетін арттыруға, серіктестік жұмы­сын­да серпін қалыптастыруға оң әсе­рін тигізді. Сабантойда бас қос­­­қан еңбек ұжымын бүгінгі ме­ре­­­­кемен құт­­тықтаймын. Биыл «Сәр­ке ба­тыр» ұжы­мы саланы та­бысты қорытындылады, мұ­ның бә­­рінде әрқайсысыңыздың қол­­таң­­баларыңыз бар. Келер жыл­ды да сіз­дер­дің табыспен аяқ­тай­­­тындарыңызға се­нім мол. Бар­­­ша­ңызға бүгінгі сабантой құт­ты бол­­сын, серіктестіктің жұмысы сер­­­пін алып, жұмыс алға баса берсін, та­­­бысты болыңыздар, – деді Әліби Бай­­­на­ха­тов.
Ақсудағы батыр атындағы ша­руа­­шы­лық 100 адамды жұмыспен қамтып отыр. Былтыр серіктестік ұжымы 850 гектар алқапқа Сыр салысын екті, мұнан бөлек 220 гек­тар жаңа жоңышқа егіп, 440 гек­тар ескі жоңышқаны күтімге алды. Ал егінді әртараптандыру мақ­­сатында 80 гектар алқапқа мақ­сары, 50 гектар жерге бидай екті. Ақегістің уақытында суды аз қа­жет ететін да­қыл­дар да мол өнім бер­ді. Ал кү­ріш­тің әр гектарынан 55 цент­нерден ор­та­ша өнім жиды.
Жалпы шаруашылықта 35 ди­қан бар, олардың жаздай күріш­тің кү­тіміне ба­сым­­дық бергенін кө­зі­міз­бен көрдік. Тіп­ті қам­бадағы ас­тық та ауыл еңбеккер­ле­рі­нің ты­ным­сыз ең­бе­гінен хабар беріп тұр.
Биыл күріштен мол астық алған ди­қандар қатарында Рамазан Абай­діл­даев та бар. Тіпті ол биыл көш бастады, әр гектардан 68 центнер өнім жиған даң­ғайыр диқандардың ізбасары келер жы­лды да табысты қо­­рытындылайтынына сенеді. Ке­ше­­гі сабантойда миллионер атан­ған ең­­бек адамдарының қатарында ол да бар.
– Су мәселесі оңай болған жоқ, бірақ Сыр салысының негізгі қорегі де осы. Диқандар ақылдаса келе ке­зектесіп су алуға бел будық. Со­ның арқасында бұл мәселені ай­налып өттік. Шүкір, өнім­нің көлемі де, сапасы да жақсы бол­ды. Негізі, диқандар жұмысы жазда бас­та­­лады, бірақ біз өзіміз күріш егетін ал­қаптың қай жері қалай, барлығын жақ­сы білеміз. Сондықтан ерте көк­темде жер­ді сүдігерлегенде меха­ни­затордың қа­сына жайғасып, бірге жұмыс жасадық. Со­ның нә­тижесі болар, кешегі күзгі нау­­қанда табысты болдық. Бүгін бас­шылық тарап еңбегімді елеп, 1 млн тең­ге қаржылай сыйақы берді, еңбектің елен­­­геніне қуанамыз. Бұл қолдау біз се­кілді қарапайым шаруа адам­дарына ай­тарлық шабыт қой. Бұ­йырт­са, келер жы­лы да тынбай ең­бек етеміз, – деді тәжірибелі диқан.
Сабантойда қаржылай және ба­ғалы сыйлықтарға тек ол ғана ие болған жоқ. Барлығының еңбегі еле­ніп, бірнеше адам 1 млн теңгеден қар­жылай сыйлық алды. Мұнан бө­лек 500, 400 мың теңгеден сы­йа­қы алғандар да табылды. Сондай-ақ қаншама еңбек адамына бағалы тұр­мыс­тық заттар табыс етілді.
Майталман механизатор Бо­лат­бек Ембергеновтың батыр атын­да­ғы шаруа­шылықта еңбек етіп жат­қанына бірнеше жыл болды. Өз ісінің маманы «мынау се­нің мін­детің, анау менің жұмысым» де­генді мүлде білмейді. Қай жерде ең­бек күші жетіспейді, сонда ба­рып ұжым­мен мә­селені еңсереді. Көк­темде жер ай­да­са, жаздай еңбек адам­да­рын жұ­мысқа жет­кізу оның негізгі міндетіне ай­на­лады. Ал күзде күріш тасымалына тіке­лей жа­уапты.
Кеше майталман механи­затор­дың да еңбегінің еленгеніне қуанып қал­дық. 1 млн теңге қаржылай сый­ақы алғандар қатарында ол да бар. Табыстау сәтінде әріп­тес­терінің ор­нынан тұрып, құрмет көрсет­ке­ні­нен шы­нында адал еңбекке беріл­ген азамат екенін айқын аңғардық.
– Күріштің барлық бейнетін тек ме­ха­низатор немесе диқанмен бай­ла­ныстыра алмайсыз, шынды­ғын­да мұнда осы ұжым­­дағы бәрінің өз үлесі бар, тіпті қа­ра­уылға дейін. Сон­дық­тан мен биыл­ғы жетістікті осы ұжымның еңбегі деп білемін. Рас, жаңа еңбегімізді елеп, бас­шылық құрам мерейімізді өсірді. Жыл сайын алға қойған межемізді орындап, сенім үдесінен шығып келеміз, сол абы­рой биігінен түсірмесін. Әр жұ­мыстың өз қиындығы мен қызығы бо­лады, өз ісіне адал адам ғана со­ның барлығын еңсе­реді. Осы ретте батыр атындағы ша­руа­шы­лық ұжы­мы аз еңбек еткен жоқ, бүгін соның нәтижесін көріп отырмыз, бар­лы­ғы­на рахмет, – деді Болатбек аға­мыз.
Иә, расында жылдың табысты аяқта­луында барлығының үлесі бар. Мақсат ортақ, ауызбіршілік мы­ғым орта табысқа да, абыройға да кенеледі. Біз қай кезде барсақ та егіс басынан табылатын ша­руа­шылықтың бас агрономы Қанат Де­месінов те сабантойда 1 млн теңге қар­­жылай сыйақыға ие болды. Осын­дай ісіне мығым азаматтардың құр­метке бө­лен­геніне куә болып қуан­дық.
Сабантойда серіктестік төрағасы Жам­­был Шажанбаев алдағы жоспа­ры­­мен бөлісіп, басқа да еңбек адам­­­да­ры­на ба­ғалы тұрмыстық зат­­тар үлестірді. Сон­дай-ақ ол әріп­­­тестерінің еңбегіне ерек­ше тоқ­та­лып, алдағы жылды да та­бысты қо­­ры­­тындылауға нақты мақсат­тары ба­рын жеткізді.
«Сәрке батыр» бір ғана серік­тестіктің табысы үшін емес, ауылдың қажетіне де шама-шарқынша қол­ғабыс етіп отыр. Шаруашылық жыл сайын заманауи тех­ни­калармен жа­рақталып, мұнда еңбек өнімділігі ай­тарлықтай артып келеді. Сон­дық­тан олардың алдағы жылды да та­быспен қорытындылайтынына се­нім мол.

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: